Байқау өткізу туралы хабарландыру
Атырау облысы Білім басқармасының Құрманғазы ауданының білім бөлімінің
Ф.Оңғарсынова атындағы атындағы жалпы орта мектебі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына сәйкес («Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын және педагог қызметкерлерін лауазымға тағайындау, босату қағидаларын бекіту туралы») бос жұмыс орындарына байқау жариялайды:
✅ Төмендегі мамандықтар бойынша бос орындар:
✔ Алғашқы әскери дайындық жетекшісі- тұрақты -1 бірлік
✅ Оқыту тілі – қазақ тілі, орыс тілі
✅ Еңбек ақы көлемі – білім деңгейіне, еңбек өтіліне, біліктілік санатына байланысты төленеді.
✅ Байқауға қатысуға ниет білдірген тұлға төмендегі құжаттарды электронды түрде немесе қағаз жүзінде қабылдау мерзімі ішінде ұсынады:
Байқауға қатысу туралы өтініш (осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес құжаттар тізімімен бірге);
Жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
Жеке кадр есебі парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
Біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері (типтік біліктілік сипаттамаларға сәйкес);
Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
✅Денсаулық туралы 075/у нысанындағы медициналық анықтама (ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына сәйкес);
✅Психикалық мінез-құлық бұзылыстары бойынша диспансерлік есепте тұрмайтындығы туралы анықтама;
✅Наркологиялық есепте тұрмайтындығы туралы анықтама;
✅Сертификаттау нәтижесі туралы сертификат немесе жарамды біліктілік санатының куәлігі (болған жағдайда);
Ваканттық немесе уақытша ваканттық педагог лауазымына үміткерді бағалау парағы (осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес);
Жұмыс орнынан немесе оқу орнынан ұсыныс хат (педагог лауазымы бойынша).
✅ Қосымша:
Үміткер өз білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейі туралы қосымша ақпарат ұсына алады
(біліктілікті арттыру туралы, ғылыми атақтар мен дәрежелер, ғылыми/әдістемелік жарияланымдар, санаттар туралы құжат көшірмелері және т.б.).
✅ Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагог және өндірістік оқыту шебері лауазымына алғаш рет орналасқан және тиісті мамандық бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі бар педагогтар сертификаттаудан босатылады.
✅ Байқауға қатысу үшін:
Құжаттар тек жеке түрде Конкурс комиссиясына ұсынылады.
✅ Анықтама телефоны: 8 (71233) 6-15-18
📌 Құжаттардың біреуінің болмауы – құжаттарды үміткерге кері қайтару үшін негіз болып табылады.
✅ Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Байқау өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланған күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.